Облыс аумағында 625 нысанда құрылыс жүріп жатыр. Оның 346-сы қазынадан бөлінген қаржының арқасында, қалған 279-ы жеке қаражат есебінен жүзеге асуда.

Бұл саладағы маңызды мәселенің бірі құрылыс сапалы болып, нысанның уақытында пайдалануға берілу. Жылда жыр болатын осы бір жайтқа қатысты мемлекеттік құрылыс –сәулет бақылау басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді.