Елімізде газ қымбаттайды. Бірақ баға бірден емес, кезең-кезеңімен көтерілмек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі айтты. Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, біздегі баға өзге елдерге қарағанда әлдеқайда төмен. 54-86 теңгенің аралығында. Ал Ресейде 132, Әзербайжанда 171, Тәжікстанда 273 теңге. Салдарынан еліміздің көгілдір отыны басқа мемлекеттерге заңсыз экспортталып жатыр. Оның үстіне, газдың өзіндік құны да әлдеқайда жоғары. Сондықтан баға алдағы үш жылда сәл көтеріледі.