Т.Рысқұлов ауданында Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған «Құт-береке дарыған, киелі менің Құланым» атты кездесу өтті. М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде өткізілген іс-шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық кітапханасының өкілдері мен зиялы қауым қатысты.