Қасиетті Әулиеата өңірі – құнды жәдігерлерге бай мекен. Тасын түртсе тарихы көрінетін өлкеде көне қалашықтардың да саны аз емес. Кейінгі жылдары археологтер көне дәуірден сыр шертетін тарихи шаһарлардың үстінен түсіп, оны топырақтан аршып, көпке танытуда. Міне, сондай қалашықтың бірі Жамбыл ауданында орналасқан ежелгі Қаракемер қаласы.