Биыл Тұрар Рысқұлов ауданындағы автомобиль жолдары жөнделеді. Оған бюджеттен 600 млн теңге қаражат бөлінді.
Мұнымен қоса, тоғыз жолдың торабында орналасқан аудандағы республикалық тас жолдың бойына кемпинг демалыс орындары мен сауда дүңгіршіктері салынады. Осы және өзге де жаңашылдықтарды аудан әкімі брифинг барысында баяндады.