2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік гранттардың саны белгілі болды. Былтырғыға қарағанда 23 мыңға көп. Нақтыласақ 112 мың грант. Бұл жыл сайынғы демографиялық өсімге тікелей байланысты.

Оның 20 мыңға жуығы «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салаларына» бағытталып отыр. Сонымен бірге министрлік алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар бермек.