Тас жолдағы трагедиялар көбейді. Статистиканы сөйлеткенде жаның түршігеді. Жыл сайын жол апатының салдарынан әлем бойынша бір миллионнан аса адам көз жұмады екен.

Ал, еліміз бойынша жол көлік оқиғасы ең көп орын алатын өңір болып тіркелген Жамбыл облысында да, жағдай мәз емес. Себебі жыл басынан бері 449 көлік соқтығысып, 51 адам ажал құшқан. Одан бөлек, 694 адам түрлі дене жарақатын алған.