Ұлттық брендті, ұлттық мәдениетті насихаттау арқылы – еліміздің оң имиджін қалыптастыруға болады. Президент ұлттық құрылтайда осы мәселеге ерекше назар аударған еді.

Дәстүрді дәріптеп, ұлттық өнерді дамыту Қордай ауданында да қолға алынып отыр. Мектеп оқушылары қолөнер бұйымдарын дайындап, төл мәдениетімізді жаңғыртуға сеп болар арнайы үйірмелерге қатысуда. Енді жүйелі жұмыс қалыптастыру үшін «Іскер қыздар» үйірмелерінің басын қосқан аудандық клуб құрылды.