Облыс бойынша көктемгі дала жұмыстары қыза түсті. Биыл облыс бойынша 644 мың 800 гектар жердің егістік алқабы игерілмекші.

Ал Байзақ ауданының дала еңбеккерлері 2024 жылы 53 мың 215 гектар жерге егін егуді жоспарласа, қазір масақты дәнді дақылдар мен қызылша тұқымын себу жұмыстары жүргізіліп жатыр.