Байзақ ауданында ауыл шаруашылығы еңбеккерлері бас қосты. Онда биылғы жылғы саладағы жаңашылдықтар түсіндіріліп, үкіметтен бөлінетін субсидиялардың жай-жапсары жөнінде айтылды. Үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану жағы да қарастырылды.