2015 жылы 1 млрдқа жуық қаржы жұмсалған бақша бүгінде өнім беріп тұр ма? Мемлекет қаржысын кімдер қайтарады? Бақша өсіргені үшін де тиісті субсидия алмаған шаруалар бүгінде кімге наразы?
Осы сұрақтардың жауабын іздеген облыстық қоғамдық кеңес мүшелері жауапты мамандарға сараптама жүргізуді тапсырған. Сондай-ақ, Жамбыл ауданындағы бақша өсіру үшін берілген алқап неге қуарып тұрғынына назар аударды.