Жамбыл өңірі өндірісі өркендеген өңір. Еліміздегі химия өнеркәсібінің алыбына айналған «Қазфосфат» компаниясы Жамбылдықтардың брендіне айналған. Еңбекке қабілетті халықтың біраз бөлігін жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын бүгінде аймақтың әлеуметтік және экономикалық тіршілігін жақсартудың басты факторына айналды.
Талмай тынбай еңбек ететін саланың жеке әнұраны бар. Ал бұл әнұранның авторы химия саласында ұзақ жылдар еңбек етіп бейнетінің зейнетін көріп отырген ардагер.