Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кезең. Бұл еліміздің баянды бірлігі мен ұйыған татулығының мерекесі. Күні кеше ел көлемінде аталып өткен көктем мейрамын Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандарының жұртшылығы да жақсы көңіл-күйде қарсы алды.