Азық – түліктің бағасына - Бұқараның базынасы көбейіп барады. Ал, жауаптылар аймақта әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына мониторинг жүргізілуде дейді.

Құрылған арнайы топ өнімнің қымбаттауына жол бермеу мақсатында сауда орындарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Қойылған талап бойынша, халық көп тұтынантын маңызды тауарлардың бағасына қосылатын үстемақы 15 пайыздан аспауы керек.