Көлік құралын тіркеу үшін басталған бір реттік акция әлі жалғасуда. Бір жарым ай уақыт өтті. Ұсыныстар әлі де тоқтаусыз ағылуда. Дегенмен, заңдастыру жағына келгенде алғашқы жарна, БАЖ салығы секілді төлем ақыларын төлемей келетін жүргізушілер көп дейді тіркеуші топ.