Тараз қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен әкімшілік аумақты патрульдеу барысында қала көшелерінің бірінде «Тoyota» маркалы автокөлігінің алдыңғы жарық құралдарының жанбағандығы байқалды. Жүргізушіні ескерту мақсатында тоқтатпақ болған полиция қызметкерлерінің талаптарына мән бермей, ол жылдамдықты асырып қашып кеткен.