Аспалы көпір арманымызға айналды. Жамбыл ауданы, Аса ауылының тұрғындары теміржол өткелін салып беруді сұрайды. Өйткені 1,5 мың тұрғын күнделікті бастарын қауіпке тігіп, шойын жолды жаяу кесіп өтуге мәжбүр. Көпшілік көпір салып беру жайлы әкімдікке өтініш айтқанына 10 жылдың жүзі болған.