Толық емес отбасыларға несиеге үй алуға жеңілдік беру керек. Мұндай ұсынысты Сенат депутаты Серік Шайдаров үкімет сағатында айтты. Қазір елде 148 мыңнан астам толық емес отбасы баспанаға мұқтаж. Олардың 60 пайызының табысы күнкөріс деңгейіне де жетпейді.