Жазасын өтеушілерге жұмыс беріп, жалақы төлейтін Бас прокуратураның жобасы біздің өңірде де жемісті жалғасуда. Ал бұл істі абақтылардың аумағындағы жұмыс істеп жатқан бизнес өкілдері жүзеге асырып отыр. Жамбыл облыстық қылмыстық атқару жүйесіне бағынысты №25 мекемеде тағы бір кәсіпкерлік нысаны ашылды.