«Тараз- өткен мен болашақтың түйіскен қаласы». Ұлы жібек жолының байырғы аялдамасы. Ел тарихында есте қалған хикаяттар мен ескерткіштерге бай өлке. Алайда, өркениеттің өрісін өрге домалату қазір бәсең. Анығы, туризмді дамыту жағы ақсап тұр. Оның ішінде насихат жұмыстарына көп көңіл бөлу қажет-ақ.