Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков №6 оруг тұрғындарымен алғашқы кездесуін өткізді. Жиында тұрғындар жаңа әкімге шешімін таппай келе жатқан мәселелерін айтып, сауалдарын қойды. 

Жұртты мазалаған мәселенің бірі, шуға айналған қаңғыбас иттердің қаптауы. Қала орталығында тұратын халық бұралқылардан көресіні көрдік деп отыр. Сонымен қатар қаланың тазалығы да сөз болды.