Ірі сауда және қызмет көрсету орындары мен дүкендердегі кассалық аппараттардың қазақша қызмет көрсететін күні алыс емес. Бақылау касса машиналары арқылы жасалатын операцияларды мемлекеттік тілге ауыстыру бойынша тиісті мекемелер түсіндіру жұмысын бастап кетті. Қазір бірқатар кәсіпкерлік нысандар қазақ тілінде түбіртек беру бағытында жұмыс жасап жатырмыз дейді. Ал осы уақытқа дейін техникалық мүмкіндіктері тек орысша жасалған аппараттарды қазақшаға ауыстыру қалай болмақ?