Облыста «Асарлатып үй салу» жобасы барлық елді-мекендерде жалғасын тауып жатыр. Демеушілер мен ауыл ағайындары атсалысып, жатқан бұл жұмыс Жуалы ауданына қарасты Жетітөбе ауылдық округінде де жүзеге асырылуда. Мұнда екі жылдың ішінде үш үй пайдалануға берілсе, биыл тағы да біреуі берілмекші.