Мерейлі меркі төрінде «Мектепке кел, жас маман!» атты білім қызметкерлеріне арналған бос жұмыс орындарының жәрмекесі өтті. Ел президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде  мұғалімдердің мәртебесі көтеріліп, айлық жалақылары кезең кезеңімен көбейтілу үстінде.

Әрине, бұл орайда педагогтерге қойылатын талаптар да жоғарылап, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау қағидалары да айтарлықтай өзгерген. Енді педагогтерді жұмысқа қабылдау жаңа форматта, яғни конкурс және нақты критерийлер бойынша жүзеге асырылады.