Арыстықтарға көмек  - азаматтық  міндет. Бүкіл ел болып жұмылған істе Жамбылдықтар  алдыңғы саптан көрінді. Еңбек пен ниет ескерусіз қалған жоқ. Бүгін бірқатар азаматтар марапатталды. Жарылыс зардаптарын жою мен қаланы қалпына келтіруге белсене атсалысқандарға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков  алғыс хат табыстап, ел тілегін жеткізді.

Арыс апатына 2,5 ай.  24 маусым, әскери қалашықтағы арсеналда апат болып, қала ішінде мыңдаған снаряд жарылды.  Төтенше жағдайдың салдарымен күресуге қазақстандықтар бірден жұмыла кірісті. Оның ішінде Жамбылдық арнайы мамандар да болған еді. Енді,  «Жамбыл облысы әкімі аппаратының мамандандырылған базасы» мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бір топ қызметкерлері облыс әкімінің «Алғыс хатын» иеленді.

Бақытжан Аманұлы / Жамбыл облысы әкімі аппараты мамандандырылған базасының инженері

Арыстағы төтенше жағдайдың барша еліміз үшін оңай тимеді. Әсіресе көршілес  Жамбыл облысына түскен жүктің жеңіл болмағаны анық.  Бекболат Орынбеков осы орайда жұдырықтай жұмыла кіріскен жамбылдықтардың елеулі еңбегінің арқасында айтарлықтай істер еңсерілгенін тілге тиек етті.

Бекболат Орынбеков / Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары

Әрине, ерлік пен еңбектің елеусіз қалмағаны көңіл қуантады. Арысатғы апаттан соң аянбай еңбек етіп, көмек көрсеткендер  көпке  үлгі боп, ел есінде қалады.