Жамбыл Облыстық театрының репертуары тағы бір тың туындымен толықты.  Рухани жаңғыруға байланысты тарихи оқиғадан сыр шертетін «Томирис» спектакльі  көремендерге жол тартты. Қойылымның алғашқы премьерасын көпшілікпен бірге  тамашалап қайтқан тілшіміз Бақытжан Советұлы айтып береді.

«Томирис» тарихи драма. Елімізге белгілі қаламгер, жазушы Болат Жандарбековтың «Сақтар» романындағы Сақ патшайымы Томириске қатысты оқиғалар желісін қамтитын қойылымды Астанадан арнайы шақыртылған режиссер Дина Жұмабекова сахналапты.  Шығармада Ұлы даланың көшбасшысы Сақ патшайымы Томиристің ерлік жолдары баяндалады. Режиссердің ой-тұжырымы, сол бір қиын кезеңдегі шиеленіс,  сәтті шыққан .

Болат Бекжан /Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры/

/Бүкіл оқиғаны тарихи көріністі қиымлымен, музыкалық қимылмен бірге көрсету, бүгінгі шығарманың міндеті. Сондықтан бұл талапқа сай қойлған қойылым./

Тарихи мәліметтерге сүйенсек Томирис сақ көсемі Мөденің шөбересі. Оның әкесі  Сыпыра да атақты қолбасшы батыр болған.  Сол кездегі жаугершілік заманға байланысты Томиристе соғыстың қыр-сырына үйреніп, өжеттілігімен көзге түсіп, бар билікті қолына алады. Әрине әйел патшаға бағынғысы келмейтіндер де табылады. Дегенменде бой жетіп, тигрохауд тайпасының патшасы Кавадтың ұлы,  Рустамға тұрмысқа шыққан ол күйеуі мен жеке сақшысы Бахтиярға сенім артады. Сол кездегі атағы жер жарған Кир патшасының маған бағыныңдар, болмаса елің мен жеріңді күл талқан етем деген әміріне мойнсұмбай, алапат ұрысқа араласады.  Одан әрі драма оқиғасында Томиристің елі мен жерін қорғау жолында ерлік істері, соғыс кезінде күйеуі Рустам мен баласы Спаргапистен айрылып қалуы, Бахтаирдың сатқындық әрекеттері баяндалады.    Спектакль Томиристің Парсы елінің Патшасы Кирмен ақтық айқасқа түсіп, оның басын шауып, жеңіске жетуімен аяқталады.  Тарихи драмадағы Томирис бейнесін халқаралық және республикалық фестивальдердің лауреаты Тарзадық талантты әртіс  Анар Сағымбекова сомдап, сәтті шығарған.

Анар Сағымбекова /Халқаралық және республикалық театр фестивальінің лауреаты. Театр әртісі/

/Оқып зерттеп,осындай болатын шығар деген бейнені жасап шықтым. Мен оған барынша еңбек сіңрдім. Көрермендер қалай қабылдайтынын білмеймін. Әлі де, ізденіп, бұнімен тоқтап қалмаймын/

Бұл жерде Кир ролін ойнағын «Серпер» сыйлығының лаураты Кенен Ақұрпековтің өнеріне көрермендер тәнті болса,  белгілі актер Мәмбет Қожалиев те Рустам батыр образын жақсы алып шыққан. Бір сөзбен айтқанда Ұлы дала ұландары мен көреген көсемдерінің ерлік жолдарынан  сыр шертетін тарихи қойылым -  «Томирис» облыстық драма театрының репартуарына қосылған қүнды дүние екені даусыз.

Бақытжан Советұлы Руслан Сандыбаев «Жаңалықтар қызметі»