«Volonter_group_08» қоғамдық бірлестігі 200 адамға арналған халықаралық қайырымдылық медициналық іс-шара ұйымдастырды. Ауқымды шараның басты мақсаты – әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қолдау көрсету, олардың денсаулығына көңіл бөліп, сапалы медициналық көмекті қолжетімді ету.

Іс-шараға аз қамтылған отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ересектер қатысты. Көпшілік үшін бұл тек медициналық форум ғана ғана емес, сонымен қатар жан-жақты кеңес алып, өз денсаулығына алаңдаушылық білдірген мәселелерге жауап табудың жолы болды.