Елімізде қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналды. Өткен жылы «Таза Қазақстан» науқаны аясында ел бойынша 844 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналып, 1 миллион 100 мың гектардан аса аумақ тазартылған. Экологиялық бастама қоғамның барлық саласын біріктіріп отыр.