Таразда колледж студенттерімен «Барыңды бағала» жобасы аясында кездесу өтті. Кездесу заң мен тәртіп қағидаты негізінде ұйымдастырылды. Онда жастарға нашақорлық, құмар ойындар, буллинг, вандализм сынды әлеуметтік мәселердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.