Жамбыл обылсы балық өсіруден үздік бестікке кіреді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов айтты. Бүгін комитет төрағасы өңірге арнайы келіп, аталған саланы дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді. Онда бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.