Биыл елдің әлеуметтік экономикалық әлеуетін арттыру үшін іргелі жобалар жүзеге асады. Бұл қадам өңірлердің дамуына серпін беріп, халықтың әл ауқатын арттырады деді Мемлекет басшысы. Мәселен, Павлодар облысында Екібастұз бассейнінің энергетикалық қуатын пайдалана отырып, «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жасақталады. Бұл қуат көзін үнемдеуге мүмкіндік бермек.