Облыс бойынша қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы күрделене түсті. 1 қаңтардан бері өңірде қызылшаның 191 жағдайы тіркелген. Науқастардың 80 пайыздан астамын 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр. Әсіресе 1 жасқа дейінгі және мектеп жасына дейінгі балалар арасында аурушаңдық жоғары. Ауырып жатқандардың 155 дерегі Тараз қаласының үлесінде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті осылай деп дабыл қағуда.