Ал, осы сапардағы басты жаңалықтардың бірі - даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы берілді. Бұл туралы Президент Жамбыл жұртшылығымен кездесуінде айтты. Мемлекет басшысы батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар Бауыржан мектептері барлық аймақта ашылу керек деді. Президент тағы қандай маңызды мәлімдеме жасады.