Дана Абайдың дара жолы бүгін Қ.Рысқұлбеков саябағындағы арнайы жасалған алаңқайда көрерменге паш етілді. Ұлы ойшылдың 180 жылдығына арналған іс-шарада Абайдың балалық шағынан, ұлы тұлғаға айналған жолы көрме, көрініс арқылы көрерменге көрсетіліп, түсіндірілді. Ән мен би, сахналық қойылымда бар.