Әскери қызметшілердің дене шынықтыру деңгейін бағалау үшін Таразға Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының өкілдері келді. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы штабының әскери қызметшілері күш, төзімділік және жылдамдық бойынша спорттық сынақтарға бірінші болып кірісті.

Бұл сынаққа Тараз гарнизонының басқа әскери бөлімдері де қосылады. Дегенмен міндет бір - спорттық емтиханды лайықты тапсыру және дене шынықтырудың жоғары деңгейін жариялау.