Ақордада сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Олардың ішінде Украина, Үндістан, Алжир, Швеция, Бельгия, Латвия, Грузия елдерінің, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшілері мен БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі бар.