Қазір елімізде денсаулық сақтау саласында бірқатар игі істер атқарылып, жаңа нысандар ашылуда. Бұл халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыратыны сөзсіз. Мәселен, Байзақ ауданында әйелдердің жүктілікке дейінгі және жүкті кезеңнен босанғанға дейін уақытқа арналған «Әйелдер кеңесі» бөлімшесі ашылды.