Жыл басынан бері 727 мың тоннадан астам цемент өндірген. Бұл Мойынқұмдағы «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы». Аталмыш зауыт өңірдің ғана емес, бүтін елдің экономикасына қосар үлесі бар қуатты құрылымның бірі. Кәсіпорынның құрылысы 2008 жылы басталып, 2011 жылы ресми түрде іске қосылды.