Байзақ ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған №7 орта мектепте ашық есік күні өткізіліп, журналистердің баспасөз туры ұйымдастырылды. Сарыкемер ауылында орналасқан бұл заманауи мектеп 600 оқушыға арналған. 2024 жылдың 1 қыркүйегінде қолданысқа берілген білім ошағында бүгінде 72 педагог қызмет етеді. Жаңа мектептің материалдық- техникалық базасы қазіргі талаптарға толықтай сай.