Жаңа оқу жылына мектептердің дайындығын саралаған санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары чек-парақтар әзірлеп, талаптарды сақтау бойынша кеңестер өткізуде. Облыстағы 520 мектеп, оның ішінде 4 мектеп-бақша мен 8 мектеп-интернат толық қамтылған. Бұл жөнінде Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы баспасөз алаңында баяндады.