Қазір денсаулық сақтау саласында міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің бюджеттік мүмкіндіктері мен міндеттемелері саралануда. Нәтижесінде, медициналық қызметтердің бірыңғай пакетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл өзгерістер науқастарға қандай мүмкіндік береді? Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды айтты.