Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс 25-ші сессиясында жергілікті бюджетті нақтылау жобасы ұсынылды. Онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын ұлғайту үшін «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы аясында 2 млрд. 300 мың теңге сомасында шығыстар қолдау тапты.