Таразда «Аманат» партиясының ұйытқы болуымен облыстық жұмысшы жастар форумы өтті. Еліміз бойынша ең алғаш Жамбылда ұйымдастырылған іс-шараға жүздеген жас маман қатысты. Форумда партияның Үкіметпен бірлескен «Жұмысшы жастар аманаты» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.