Нәпақасын жер анадан тауып, ала жаздай мандай терін төгетін еңбек адамдарының бейнеті қашанда үлкен құрметке лайықты. Мәселен: Меркі ауданында ерен еңбектің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген жандар жетерлік. Солардың бірі гүлдің түр-түрін егіп, бау- бақшамен айналысатын Бондер отбасы.