Мойынқұмдағы «Эврика-Барит» кәсіпорыны барит өндіруде еліміздегі алдыңғы қатарлы кәсіпорынның біріне жатады. Оның қуаттылығы 300 мың тоннаға жететін байыту фабрикасы мен заманауи ұнтақтау кешені жоғары өнім шығаруға мүмкіндік беріп отыр.