Шу ауданы бойынша жаңа оқу жылында 46 мектепте 20 467 оқушы білім алады. Оның ішінде биыл 1717 бала 1-сыныпқа қабылданған. Бұл ақпар бүгін ауданда өткен тамыз кеңесінде баяндалды. Жиынға келген қонақтар қолөнер бұйымдары мен оқушылардың жетістіктері қойылған арнайы көрмені де тамашалады.