Екібастұз, Ақтау, Риддер, Кентау. Үкімет басшысы дәл осы қалалардың энергия көздерін ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ, Ақмола облысындағы Степногорск жылу электр орталығында резервтік қазандықты жөндеу әлі аяқталмаған. Ақтау қаласында жылу желілерін жаңғырту жұмыстарының қарқыны төмен. Премьер-министр бұл кемшіліктерге жол берген әкімдердің жұмысын сынға алды. Жоспар нашар, қатаң бақылау жоқ деп ескертті.