«Әлеуметтік әмиян» жобасының көмегімен жыл басынан бері 10 миллионнан астам дәрі-дәрмек тегін берілді. Яғни, науқастар әрі-бері жүріп, кезекке тұрмай-ақ, өздері тіркелген ауруханадан препараттарды арнайы QR-код арқылы алып жатыр. Бұл сервисті Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында іске қосуды тапсырған еді. Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласында ғана емес, барлық бағытта қолданылады.