Қолынан келмейтіні жоқ! Өзі шебер, өзі механик, өзі электрик. Бұл жас та болса, темір тұлпардың тілін меңгеріп, шеберлігімен жұртты тәнті етіп жүрген Бақдәулетке ауыл азаматтарының берген бағасы. Себебі, жас механик көлікке бір қарап-ақ ақауын анықтағаннан бөлек, кез- келгенінің қозғалтқышын 3-4 сағатта шашып, қайта жинайды. Оған қоса, автобөлшектердің жағдайын мұқият зерттеп, диагоностикалауды кәсіби деңгейгде меңгерген.