Шілденің екінші жексенбісі – елімізде балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Осыған орай Шу ауданында сала мамандарына арналған салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі Бақытжан Жәнібековтың қолдауымен ұйымдастырылған бұл шара жыл сайынғы дәстүрге айналған. Биылғы кездесу аудан әкімінің мәжіліс залында өтіп, балықшылар қауымына ерекше құрмет көрсетілді.